Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралған отырыс барысында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ұлттық қауіпсіздік ұстанымы тұрғысынан киберкеңістікті дамытудың негізгі мәселелерін айқындап, мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарына назар аударды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы кибертехнологияларды дамыту және мемлекет пен қоғамның тіршілігіне енгізу үдерісінде пайда болатын заманауи қатерлердің спектріне талдау жасауға, сондай-ақ, жаңа жағдайдағы мемлекет қорғанысын қамтамасыз етудегі қазіргі тәсілдерге де ерекше назар аударды.
Сарапшылық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары пікір алмасу барысында киберкеңістіктің аса маңызды мәселелерін, соның ішінде киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, оны заңнамалық қамтамасыз ету, кибертехнологияларды милитаризациялау, жабдықтар өндірісі мен бағдарламалық қамтамасыз ету, мамандарды даярлау мен кадрлық жұмыс жайын қарастырып, талқылады.
Сарапшылық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді стратегиялық көрінісі мен кешенді тәсілдеріне назар аудара отырып, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының нақты міндеттерін айқындады.