• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

Өз кәсібін ашқысы келгендерге грант берілді

354 рет
көрсетілді

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін ашу үшін 757 адам 583 мың теңге көлемінде грант алды. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Назира Тоғызбаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн брифинг барысында басқарма басшысы қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды үйрету жүріп жатқанын жеткізді.

«Қысқа мерзімді курстар біліктілігін жоғалтқан немесе мамандығын өзгерткісі келетіндерге арналған. Алматының 34 оқу орнында 41 мамандық бойынша 1 мыңнан астам адам оқиды», деді спикер.

Сонымен қатар ол еңбек нарығында жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған бірінші жұмыс жобасы іске қосылды. Жоба аясында еңбекке 116 адам тартылды.

«Осы жылы 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болды. Яғни өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алды. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаз, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады», дейді Назира Тоғызбаева.