• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Еңбекқор елдің экономикасы тез дамиды

312 рет
көрсетілді

Жолдауда айтылған міндеттерді жергілікті жерлерде іске асыру жолдарын нақтылау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жиын өтті.

 

Жолдауда айтылған міндеттерді жергілікті жерлерде іске асыру жолдарын нақтылау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жиын өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда шағын және орта бизнес көлемін 2050 жылға қарай еліміздің ішкі жалпы өнімінің 50 пайызын қамтамасыз ететін деңгейге жеткізу қажет деді. Облысымыздың бұл саладағы табыстары жыл санап артуда. Биыл облыс нарығында белсенді жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің саны 125,8 мың бірлікті құрады. Ал, олар өндірген өнім 534,1 млрд. теңгені құрап, жұмыспен қамтылғандар 279,6 мың адамға жетті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін қазынадан 6,9 млрд. теңге қарастырылды. Бұл тұрғыда облысымыздың Елбасы тапсырмасын орындауда мүмкіндігі мол. Жолдауда айтылған әлеуметтік салаға қатысты міндеттер өңірімізде жоспарға сай жүзеге асады. Осы жылы 107 білім нысанының құрылысына 32,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін 50 нысан ел игілігіне беріледі. Осылайша, 28 апатты, 3 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.

Денсаулық сақтау саласында жаңа 42 нысан салынады. 2014 жылы облыс аумағындағы мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауды жақсарту үшін 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам, Түлкібас аудандарында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылады. Жолдаудағы Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналуы оңтүстікқазақстандықтарға зор міндет жүктейді. Бұл бағытта нақты жұмыстар жасалуда, облыс орталығына 40 елді мекен қосылып, халық саны 145 мыңға артып отыр.

«Жаңа Жолдау Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруына, жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамыған мемлекетке айналуына жол ашады. Жерлестеріміз ежелден еңбекқорлығымен, татулығымен, бәсекеге қабілеттілігімен танымал. Бұл жүктелген жаңа міндеттердің орындалуына үлкен негіз болады», деді облыс әкімі А.Мырзахметов. Халқы еңбекшіл елдің экономикасы өрісті, қоғамы тұрақты, тұрмысы түзу болатыны белгілі. Бүгінгі жаһандану дәуірі жүріп, техникалық даму үдерістері қарқын алған кезеңде алдымызға стратегиялық мақсаттар қойып, әлемде өзіндік орны, асқақ беделі бар мемлекет құру – басты міндет. Мемлекет басшысы жариялаған саяси құжаттың мәні де осында.

Қазақстандықтар бір идеяға топтасып, ортақ мақсат пен мүдде үшін, кемел келешек үшін еңбек етері сөзсіз.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар