Елордадағы Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесінде орналасқан «Тұлпар» сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 «Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
№3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген.
«Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», делінген аталмыш департаменттің хабарламасында.