Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке қауіпсіз экологиялық атом энергетикасының мүмкіндігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы орын алады. Әлемдік тәжірибе ең оңтайлы жолды ұсынады - бейбіт атом. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» жыл бойы Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуі тиіс», деп тапсырды Тоқаев Жолдауында.
Оның айтуынша, бұл мәселені елімізде білікті Атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру тұрғысынан да қарастыру қажет.
«Жасыл сутегі өндірісі, жалпы сутегі энергетикасы да перспективалы бағыт болып табылады. Үкіметке осы мәселе бойынша да ұсыныстар әзірлеу тапсырылады», деді Мемлекет басшысы.