• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Жерге жете мән берілуі керек

252 рет
көрсетілді

 

Еліміздің басты құндылықта­рының бірі әрі бірегейі болып табылатын жер ресурстары саласы бүгінгі күннің үлкен әріптермен жазылған басты мәселелерінің алдыңғы қатарында тұрғаны белгілі. Бұл аса жауапты салада нақты есептеу, оны қолданудың түгелдігін және тиімділігін бақылау, сол сияқты осы табиғат ресурстарының қадір-қасиетіне лайықты деңгейде жұмыс істеу өз маңыздылығын арттырмаса, ешқашан кеміткен емес.

 

Осы күрделі және өте жауапты міндеттердің қалай іске асырылып жатқандығы жөнінде Өңірлік даму министрлігі Жер ресурс­тарын басқару комите­тінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» рес­пуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны­ның директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Әбдіғали БЕГМАНОВ кеңінен айтып берген еді.

 

«Жерден артық байлық жоқ: жер болса – халық та болады, халық болса – қаһармандар да дүниеге келеді...

Жер тағдыры – ел тағдыры».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

Еліміздің басты құндылықта­рының бірі әрі бірегейі болып табылатын жер ресурстары саласы бүгінгі күннің үлкен әріптермен жазылған басты мәселелерінің алдыңғы қатарында тұрғаны белгілі. Бұл аса жауапты салада нақты есептеу, оны қолданудың түгелдігін және тиімділігін бақылау, сол сияқты осы табиғат ресурстарының қадір-қасиетіне лайықты деңгейде жұмыс істеу өз маңыздылығын арттырмаса, ешқашан кеміткен емес.

Осы күрделі және өте жауапты міндеттердің қалай іске асырылып жатқандығы жөнінде Өңірлік даму министрлігі Жер ресурс­тарын басқару комите­тінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» рес­пуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны­ның директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Әбдіғали БЕГМАНОВ кеңінен айтып берген еді.

– Әбдіғали Салбекұлы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында сіз басқарып отырған кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін де жүргізіліп келгені белгілі. Ендеше, жер алқаптарын талапқа сай есепке алу мен бақылауды тікелей іске асырып келген кәсіпорынның өткеніне көз жүгіртіп өтсек?

– Біздің кәсіпорын Қазақ КСР Халық Комиссариатының қаулысымен 1936 жылы 19 тамызда елімізде жер пайдалану саласындағы ең алғаш құрылған кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын негізінен Қазақстан, Орталық Азия республикалары және Ресейдің Алтай өлкесі мен Сібір жерлерінің картографиялық материалдарын аэрофототүсірілім негізінде анықтап, белгілеу, ол жерлердің фотобейнесін жасап, ауыл шаруашылығына қажетті жерлерді анықтау мақсатында құрылған еді.

– Өткен ғасырдың со­нау отызыншы жылдарынан басталған жерге аэрофототүсірілім жасау, аэрофотогеодезиялық іздестіру жұмыстарын осы кезге дейін толық аяқтап бітетін уақыт болған жоқ па? Жер бедерінде ғасырлар мен мыңжылдықтар бойында айтарлықтай өзгеріс болмайтыны белгілі емес пе?

– Картографтар, геодезистер, жерге орналастырушылар және басқа да жер ресурстарын пайдалану саласымен байланысты мамандар жұмыстары еш уақытта аяқталмайды, бітпейді. Өйткені, біздің жұмыс, яғни шекаралардың жоспарлы картографиялық материалы республикалық, облыстық және өңірлік жерге орналастыру сызбаларын (жобаларын) өңдеу, шекараларды зондтау мен салу және оларды қолдану бағдарламалары, бағалық зондтау және салық төлеу, жер ресурс­тарын жақсарту және қорғау, топырақтық, геоботаникалық іздестіру, жерлерді түгендеу жұмыстары, ауылшаруашылық алқаптарын паспорттау, мемлекет­тік жер кадастрын жүргізу және мониторингтеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Барлық жұмыстар сандық аэро және кос­­­мо­түсірілім негізінде заманауи­ геодезиялық, компьютерлік және полиграфиялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтуларды қол­дану арқылы атқарылады.

Еске сала кететін бір жайт, осы барлық (шекаралардың) жос­пар­лы-картографиялық материалдары Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2007 жылы белгіленген стандарттарына сәйкес мезгілдік жаңартуды қажет етеді. 6-8 жылда жерлерді талапқа сай қолдану аудандары үшін, 10-15 жылда жер өңдеу жұмыстары үшін, 20 және одан көп жылдарда шөл дала шекаралары аумағын қалыпқа келтіру мақсатында түсіру жұмыстары қолға алынып, іске асырылуда.

Жоспарлы-картографиялық ма­­териалда ауыл шаруашылығы контурлары мен нысандарының фотобейнемен үйлестіріліп, нобайланған шартты белгілері мен белгілеулерінің бар болуы жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрлерін сапалы, жоғары дәлдікпен және нақтылықпен атқаруға мүмкіндік беріп келеді.

– Сапа туралы кеңірек айт­­саңыз? Естуімізше, өткен жы­лы Алматы қаласы кәсіп­орындарының ішіндегі кәсіп­керлік бәсекеде сіз басқаратын кәсіпорын жақсы қырынан танылған екен.

– Расында, 2011-2012 жылдар­дың қорытындылары бойынша, шаруашылық саладағы еңбек ететін субъектілерді жалпы мем­лекеттік статистикалық сараптау рейтингінде біздің кәсіпорын «Активтер мен міндеттер көрсет­кіштері», «Пайдалылық көрсет­кіштері», «Өтімділік көрсет­кіштері» номинациялары бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал республика көлемінде осы үш көрсеткіш бойынша төртінші орынды еншіледік. Бұл біздің мекеме үшін үлкен мәртебе екендігін айта кеткен жөн.

– Осының бәрін талдап, көрсетіп берсеңіз?

– 2012 жылы «Мемлекеттік жер кадастры мағлұматтарын қалыптастыру» 003 мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары шекараларының 4,4 миллион гектар аумағында аэротүсірілімдер мен фотожоспарлар іске асырылды, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары шекараларының 14,2 миллион гектары аумағы бойынша соңғы жоспарлы-картографиялық өнім жасалды. Ауыл шаруашылығын картографиялау үшін ғарыштық түсірілімдерді өңдеу технология­ларын әзірледік. Сол сияқты, «КазНИПИмұнайгаз» АҚ, «Ал­маты облысы Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ шаруашылық жүргізетін субъектілерден түскен арнаулы тапсырыстарды орындадық.

– Енді 2013 жылы қандай жұмыстар атқарылғанын және алдағы жоспарларыңыз жайында айта кетсеңіз?

– Өткен жылы кәсіпорын «Мемлекеттік жер кадастры мағлұ­маттарын қалыптастыру» 019 (2013 жылға дейін – 003 бағдарламасы) бойынша Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары шегінде аэрофототүсірілімдік жұмыстар, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары шекараларының 3,9 миллион гектары аумағына аэротү­сірілімдерді үйлестіру және межелеу бойынша далалық жұмыстар, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 7,4 миллион аумағына соңғы жоспарлы-картографиялық өнімді жасау бойынша камеральды жұмыстар атқарды.

2011 жылғы Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев тарапынан берілген тапсырмаға орай ауылшаруашылық айналымына қайтарылатын ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу жүзеге асырылды.

Түгендеу жұмыстарын жүр­гізудің басты мақсаты бос жатқан жерлердің есеп мәліметтеріне сәйкестендіріліп, аумақтар бойын­ша нақтылануы, сол сияқты ауылшаруашылық алқаптарының мақсатқа сай емес қолданылуын анықтау, ұқсатылмай жатқан жерлерді әрі қарай тиімді пайдалану болып табылады. Түгендеу жұмыстары ауылшаруашылық алқаптарының 30,5 миллион аумақтарын, 14 облыс пен 53 әкімшілік ауданды, 6 қаланы қамтыды. 700 ауылдық (селолық) округтерде зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Келешекте жоспарлы-картогра­фиялық материалдарды жаңарту көлемдерін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Орташа жылдық сараптама оның 2005-тен 2015 жылға дейінгі аралықта жыл сайынғы бөлінетін құралдары осы жұмыс түрлерін жүргізуге жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Бүгінгі таңда шекараның жос­парлы ауылшаруашылық кар­тографиялық материалдарының негізіне сай деңгейде жаңартылған аудандарға Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ғана жатады. Аталмыш облыстардың жаңартылған аумақтары 97 және 98 пайызды құраса, еліміздің қалған аумағы ескі, 1990 жы­лы жасалынған жоспарлы-картографиялық материалмен жа­был­ған. Осылайша, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүс­тік Қазақстан облыстары 100 пайыздық жаңартуға мұқтаж.

Алдағы уақытта осы материалдарды Ақмола облысы бойынша 44 пайызға, Алматы облысы бойынша 80 пайызға, Атырау облысы бойынша 38 пайызға, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 89 пайызға, Қарағанды облысы бойынша 68 пайызға, Қостанай облысы бойынша 78 пайызға жаңартуды көздеп отырмыз.

Қазақстан Республикасының шекарасы 2 741 700 шаршы шақы­рымды құрайтынын ескерсек, аумақты жаңарту қарқыны 2005-2012 жылдарға, яғни 7 жылға шаққанда жылына 26,6 пайызды немесе 91 094 шаршы шақырымды құрайды. Осы қарқынмен жаңарту жұмыстарын жалғастыра берсек, 019 бағдарламасы бойынша жос­парлы негізді жаңартуға 30 жылдан астам уақыт қажет болады екен. Сондықтан, бұл жұмыстар бірінші кезекте орындалу керектігі айтпаса да түсінікті.

– Яғни жаңарту жұмыстары жасалып жатып ескіре береді демекшісіз ғой. Бұл тығырықтан шығатын жол бар ма?

– Осыған байланысты айтар болсақ, шекараның жоспарлы-картографиялық негізін жаңарту құралдарын алу орайында жер­гілікті атқарушы органдармен және жер қатынастары бойынша құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеу керек. Біздің кәсіпорын Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен келісілген, жерге орналастыру және жер кадастры аэрофотогеодезиялық жұмыстарына бағалар тізімі бойынша өз жұмыстарының кесімді құнын анықтайды.

Жерлердің пайдаланылуын жақсарту, еліміздің жер ресурстарын мемлекеттік басқару деңгейін көтеру мақсатында аймақтар шекараларының аумақтарын жаңа, сапалы, нақтылы жоспарлы-картографиялық материалмен дер кезінде қамтамасыз ету – маңызды міндет. Тәуелсіз елдің жер туралы заңнамалары осыны талап етеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар