• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2021

Президент қаржы пирамидаларымен күресті күшейтуді тапсырды

360 рет
көрсетілді

Елімізде алаяқтық қылмыстарының көбеюіне қатысты азаматтар тарапынан наразылық көбеюде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қылмыспен күрестің тәжірибелік мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек. Алаяқтық фактілерінің көбеюіне қатысты азаматтар әділ наразылық білдіруде», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Бас прокуратура алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін әзірлеу керек.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою мәселесін ерекше бақылауға алу қажеттілігін ерекше атап өтті.

«Болашақ ұрпақтың амандығына есірткінің таралу жағдайы үлкен қатер келтіріп отыр, оның ішінде синтиетикалық есірткінің қаупі аса жоғары. Құқық қорғау органдарына есірткі заттарының халық арасында таралу жолына қатаң тосқауыл қою тапсырылады», деді Президент ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.