• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қыркүйек, 2021

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота бөлінеді

376 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси өмірде квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейтуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

«Сайлау тізіміндегі әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота туралы норманың енгізілуі партияларды барынша белсенді жұмыс істеуге, жаңа адамдар іздеп, өз қатарын жасартуға жетеледі. Дегенмен, халық қалаулыларының түпкілікті құрамы жасақталғанда бұл квота сақталған жоқ. Сондықтан, оның толыққанды әсері болуы үшін депутат мандатын бөлу кезінде осы квотаны міндетті түрде ескеру туралы норманы заң жүзінде бекіту керек. 

Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар әзірге еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көп емес. Квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Онда жастар мен әйелдерден бөлек, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота белгілеу керек», деді Президент.