• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Кірпіш өзімізде құйылады

550 рет
көрсетілді

Елімізде құрылыс күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқандықтан, кірпішке деген қажеттілік те туындады. Бұдан 4 жыл бұрын, яғни 2009 жылы 26 желтоқсанда Екібастұзда кірпіш зауыты пайдалануға берілді. Бұл кәсіпорынның өзгешелігі де сол, көмір қалдығын іске жаратып, отандық құрылыс материалын өндіруді қолға алды. Содан бері зауытта жылына 25 миллион кірпіш шығарылады. Жылына осыншама кірпіш шығару үшін өндіріске кемінде 250 мың тонна көмір қалдықтары қолданылады екен. Зауыттың әлеуеті жылына 50 миллион кірпіш шығаруға дейін жетеді. Бастапқыда құрылыс материалдарымен облыс аумағын қамтамасыз ету көзделген болатын. Алайда, Екібастұздан шығарылатын кірпішке еліміздің өзге де өңірлерінен сұраныс артуы екінші зауытты іске қосу қажеттілігін туғызды.

Екінші кезектегі зауыттың қазығы өткен жыл­ғы шілде айында қағылды. Нысанға тапсырыс беруші әрі мердігер – «Вершина» ЖШС.

Құрылыс барысын өз көзімізбен көруді мақсат тұтқан біз таяуда зауытта болып қайттық. Зауыттың құрылысы аяқталуға жақын екен. Төбесінің шатыры жабылып, жылу трассасы да тартылған. Кәсіпорын директоры Салих Кәрімұлының айтуынша, мұнда құрал-жабдықтарды орнату үшін тұғыр құйылып жатыр. Цемент Балқаштан, металл Қарағандыдан, Павлодардан тасымалданады. Қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан жеткізілуі тиіс.

Директордың айтуына қарағанда, құры­лыста100-ге жуық адам еңбек етеді. Жұмыс­кер­лердің жалақысы 60-120 мың теңге аралығында. Жұмысқа күніне төрт рет арнайы автобус қатынайды. Соңғы автобус сағат 21.00-де жүреді.

Жайылған Рамазановтың зауытта шебер болып жұмыс істеп жүргеніне төрт жылдан асыпты. Білікті маманды жастармен тәжірибесін бөлісу үшін құрылысқа ауыстырған көрінеді.

Ерітіндіні күрекпен араластырып тұрған жас жігіттер Мақсат Бекмұратов, Ринат Сәдуақасов, Сәкен Бексауытовтың жүздерінен шаршап-шалдығу байқалмайды. «Жас келсе – іске» дегендей, еңбек көрігін қыздыруда.

Жалпы, зауыт келер жылдың шілдесінде іске қосылады, ал 2015 жылы толық жобалық қуатына енгенде жылына 30 млн. дана кірпіш өндірмек. Сонымен бірге, жаңа нысанның құрылысына 80 адам қамтылып, кейін мұнда 100 адам тұрақты жұмыс табады.

Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ.

ЕКІБАСТҰЗ.

Соңғы жаңалықтар