• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

Жаңа оқу жылының жаршысы - «Әліппе»

326 рет
көрсетілді

Қыркүйектің алғашқы күні білім ошақтарында көптен күткен алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар алтын ұя – мектебіне оралды. Сағындырып жеткен бұл Білім күнінің бұрынғыдан жөні бөлек. Өйткені әдеттегідей араға үш ай емес, бір жарым жылдай уақыт салып, ұстаздар мен оқушылар қауымы мектебінде қайта қауышып отыр.

Пандемияның кесірінен мәж­бүр болған қашықтан оқыту білім беру саласының береке­сін қашырып, оқушылардың білім сапасына айтарлықтай теріс ық­палын тигізгені белгілі. Сондықтан саладағы олқы­лықтардың орнын толтыру үшін оқу ордасындағы дәстүрлі оқытуға оралу осы жылдың бас­ты міндеті болды. Бұл ретте білім ошақтарының індет оша­ғына айналмауына баса мән беріледі. Яғни коронавирус ин­фек­­циясының қаупі сейілмеген қазіргі кезде білім беру ұйымдары үшін арнайы санитарлық талаптарды сақтау жұмыстары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ офлайн оқытуға оралған жаңа оқу жылында дәстүрлі оқулығымыз – «Әліппе­міздің» оралғаны басты жаңалық болды. Оқырмандардың есінде болса, осыдан бес жыл бұрын бас басылымда «Әліппе» неден жазықты болды?» атты мақала жарықкөріп, Egemen Qazaqstan газеті аталған оқулыққа алғаш рет араша түскен еді. Осылайша, оқу бағдарламасынан шығып қалған«Әліппе» биылдан бастап жаңа үлгіде 1-сынып оқушыларына тапсырылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленген бас кітап білім сапасының көтерілуіне бас­тайды деп үміттенеміз.