Бұрынғы «Ақтөбеауылмаш» зауытының аумағында жергілікті кәсіпкер ауыл шаруашылығына қажетті тырма мен тұқымсепкіш шығарады екен дегенді естігенде кім болды екен деп елеңдеп қалғанымыз рас. Шыны керек, қала жолдарын салуда, басқа да өндірісті іске қосуда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан «КТП» ЖШС екенін естігенде кәдімгідей сүйсініп қалдық. Қандай шаруаны қолға алса да аяғына жеткізетін серіктестіктің тағы бір тың істің тізгінін ұстағаны қуантты. Оның үстіне бұл ауылшаруашылық құралдары анағұрлым жетілдірілген және ылғал сақтаудың осы заманғы озық технологияларына толық жауап береді деп күтілуде.

Қазір серіктестік басшылары нақты өткізу рыногын зерттеуде, соны есепке алып қана цехты модернизациялаудың инвестициялық саясаты нақты анықталатын болады. Серіктестіктің өздерінде тұқымсепкіш агрегаттарды толық жинау циклына көшу мамандардың есептеуінше, өнімнің өзіндік құнын анағұрлым кемітеді деп күтілуде.
Жергілікті егіншілердің тиімді бағаға тырмалар мен тұқымсепкіштерді сатып алуы өте-мөте маңызды. Өткен жылы облыс қосымша 12 тырма сатып алуға тапсырыс беріпті. Ал, егер тұқымсепкіш кешені жергілікті жерде орындалғанның өзінде өте қымбат – 5800 мың теңге тұрады. Жобаның бастамашысы кәсіпкер Всеволод Щегельский сұранысқа ие ауыл- шаруашылық агрегатын өздерінде толық жинауды ұйымдастырудың жаңа жобасын жасап отырғандарын жеткізді. Қазір өндірісте 45 маман жұмыс істейді, егер болашақта қосымша инвестиция тартылып жатса, онда өндірісте 100-ге жуық адам еңбек ететін болады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.