• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Руханият 02 Қыркүйек, 2021

Телевизиялық бағдарламаға түсті

210 рет
көрсетілді

Таяуда Қырғыз елінің астанасы Бішкекте қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен «Қыз-жігіт. Сармерден» атты телевизия форматындағы бағдарламаның түсірілімі өтті.

Рухани шараның ашылуына еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Қазақстанның Қырғызстан­да­ғы елшісі Рәпіл Жошыбаев және Қырғыз Республикасы Прези­денті әкімшілігі­­нің басшысы Сү­йінбек Қасмамбетов пен сол ел­дің Мәдениет, ақпа­рат, спорт және жастар саясаты ми­нистрі Қай­рат Иманалиев қа­ты­сып, өнер­паз­дарға сәттілік тіледі.

Нұрғиса Дәуешов өз сөзінде екі ел арасындағы татулықты, бірлікті және ортақ құндылықты ежелден өнер арқылы насихаттап келе жатқан майталмандар­ға тоқталып, аталған игі дәстүр жоғары деңгейде жалғаса бере­тініне сенім білдірді.

«Қыз-жігіт. Сармерден» – қыр­­­ғыз телекөрермендері қызы­ғып көретін бағдарламаның бірі. Жо­­баның негізінде қыздар мен жі­гіт­­тер халық ауыз әдебиетінен ма­­қал-мәтел, жаңылтпаш, әзіл айтып жарысады.

Концерттің түсіріліміне елі­міздің атынан дәстүрлі әншілер – Клара Төленбаева, Ардақ Бала­жанова, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Марат Сүгірбай, Бейбіт Мұсаев, күйші Нұркен Әшіров жә­не «Салтанат» би ансамблі қатысты. Ал қазылар құрамында Қазақ­стан мен Қырғызстанның халық әртісі Алтынбек Қораз­баев, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Елмұра Жаңа­бер­генова болды.

Бағдарламаның алғашқы күні «Сармерденді» қазақ жігіттері мен қырғыз қыздары ойнады.