• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қыркүйек, 2021

Ақ үйде Байден мен Зеленский кездесті

341 рет
көрсетілді

Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары аясында Украина Президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі Джозеф Байденмен кездесті. Жүздесу Вашингтондағы Ақ үйде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Украина басшысы кеңсесінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. 

Келіссөздер алдында мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына қысқаша мәлімдеме жасады. Осыдан кейін келіссөздер кеңейтілген форматта өтеді. 

«Ең алдымен, шақырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әлем үшін қиын сәтте сіз біздің маңызды кездесуімізге уақыт таптыңыз. Бұл біздің нағыз стратегиялық серіктес екенімізді көрсетеді. Егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қолдағаныңыз үшін рахмет. Бұл біз үшін өте маңызды»,  деді Украина мемлекетінің басшысы кездесу басында. 

Оның айтуынша, энергия қауіпсіздігі - өте маңызды мәселе. Атап айтқанда, Владимир Зеленский Джордж Байденмен «Солтүстік ағын 2» жобасын іске асыруға байланысты Украина мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін талқылауды жоспарлап отыр. 

Украинаның мемлекет басшысы сонымен қатар АҚШ Президентімен Украинаның НАТО-дағы рөлі туралы көзқарасты және елдің Альянсқа кіру мерзімін талқылауды көздейді. 

Джозеф Байден Украина Президентін Ақ үйде көргеніне қуанышты екенін атап өтті. Ол Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу кезінде мемлекеттер арасындағы әріптестік бұрынғыдан да мықты екенін және тек одан әрі нығая беретінін жеткізді.