• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 02 Қыркүйек, 2021

Қатты қалдықтарды жинаған кәсіпкерлерге қомақты қаржы төленді

278 рет
көрсетілді

Қазақстанда қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарына ӨКМ Операторының субсидиялау мөлшері 2,025 млрд теңгеден асты. Бұл соңғы 5 жылда салалық бизнесті қолдау шараларының рекордтық көрсеткіші, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері отандық кәсіпкерлер 67 166 тонна қайталама шикізатты жинап, кәдеге жаратуға жіберді. Оның ішінде 51 287 тонна макулатура, 5 307 тонна пластик және 10 572 тонна шыны қаптама қалдықтары бар.

«EcoQolday» жүйесінде барлығы 4130 өтінім пысықталды. Нәтижесінде жыл басынан бері қаптама қалдығын жинаушыларға берілген өтемақы мөлшері - 1, 507 млрд теңгені құрады. Ал кәдеге жарату зауыттарына 152,6 млн теңге, тасымалдауды субсидиялауға – 365 млн теңге берілді. Қайта өңдеу саласындағы өсу үрдісі негізінен «EcoQolday» цифрлы жүйесін іске қосылғандығымен тікелей байланысты. Соның нәтижесінде қайталама шикізатты жинау тарифтері көтеріліп, тасымалдау шығындарын ішінара өтеу мүмкіндігі пайда болды. 

Қазіргі уақытта «EcoQolday» жүйесінде 670 қатысушы тіркеліп отыр. Оның ішінде қаптама қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын 158 кәсіпкер, 481 тасымалдаушы және 31 қайталама шикізатты кәдеге жаратушы ұйым жұмыс істеуде.

2021 жылы 230 мың тонна көлемінде қайталама шикізатты жинау, қайта өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату жоспары бар. Осы жұмыстарды жүзеге асыруға ӨКМ Операторы биыл 13 млрд теңге қаржы қарастырған.

Ел ішінде макулатура, пластик және шыны қаптама қалдықтарын жинау көлемін арттыру мақсатында ӨКМ Операторы «EcoQolday HOME» жобасын іске қосты. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке сектордың тұрғындары ПИК/ПИБ (кск/оси) арқылы жиналған шикізатты сатуды жүзеге асыра алады. Қалдықтарды саудалаудан түскен қаражатты тұрғын үй кешенін жөндеуге немесе ауланы абаттандыруға бағыттауға болады.

ӨКМ Операторы өңірлерде ҚТҚ бөлек жинау инфрақұрылымын дамыту және ел ішінде қайталама шикізатты қабылдау бекеттерін көбейту жоспары бар. Айта кету керек 31 тамызда Семей қаласында алғашқы қалдықты ақшаға қабылдайтын бекеттері іске қосылды. Енді кезекте Өскемен, Ақтөбе және Қарағанды облыстары тұр.