• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 02 Қыркүйек, 2021

Негізсіз субсидиядан 253 миллион теңге жымқырған

360 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру дерегін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу амалдарының нәтижелері бойынша, 2018-2020 жылдары Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлерінің бірі өңірдің 68 шаруа және фермерлік қожалықтарының атынан күн сәулесі панельдерінің жиынтығын сатып алуды инвестициялық субсидиялауға өтінім берген.

Бұл ретте, кәсіпкер шаруа қожалықтарына күн сәулесі батареяларының әрбір жиынтығы үшін 3,1 миллион теңгеге сату туралы жалған шарттар жасаған.

«Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды», делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.