Түркияның солтүстігінде су тасқынынан кем дегенде 82 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлады.
«Су тасқыны салдарынан 82 азаматымыздан айырылдық (71 адам – Кастамону, 10 адам – Синоп және тағы 1 адам – Бартын қаласында)», делінген мәліметте.
Табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.