• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 03 Қыркүйек, 2021

Түргеш тиындарын тапсырды

223 рет
көрсетілді

Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, нумизмат Павел Петров «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорына жеке азаматтардан жинақтаған нумизматикалық коллекциясын өткізді.

«Музейге сый» акциясына үлес қосу үшін арнайы әкелінген жә­­дігерлер арасында VIII-XIX ға­сырлар аралығын қамтитын мыс және күміс тиындар бар. Ма­ман­дардың айтуынша, аталған ежелгі ақша түрлері Түркістан өңірінің тарихымен байланысты.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музе­йінің қоры нумизматикалық кол­лекцияларға бай. Түркістанға келген сапарымда танысып, көр­дім және ресми сайттан да қарап шықтым. Бұл жәдігерлер менің қорымда емес, арнайы тарихи орында тұру керек деп шештім. Тарихшы тарихи мұраларды жи­­нақтауға ұмтылады. Нумиз­ма­тика саласын зерттеу еңбек жо­лымның негізгі бөлігі болған­дық­тан бұл заттарды жылдар бо­йы жи­нақ­тадым», дейді ресей­лік ғалым.

Қорық-музейдің қор сақ­таушы қызметкері, нумизмати­ка сала­сының маманы Толқын Жолдасов музей қорына табысталған жәді­герлердің өзіндік құндылықтары бар екенін айтты. «Жәдігерлер қатарында VIII ғасырдың түргеш тиындары мен X ғасырда соғыл­ған саманид фелстері және XI ғасырға тән дирхемдер бар. Сон­дай-ақ кейінгі тарихи кезең­дер­де соғылған ақшалар да кез­деседі», деді ол.

Айта кетейік, «Әзірет Сұл­тан» қорық-музейіндегі «Му­зейге сый» акциясының тари­хы әйгі­лі қол­басшы Әмір Те­мір заманы­­нан бастау алады. Мә­селен, кесе­не­де сақталған алтын, күміс жала­тылған 6 шы­рағдан мен тай­қа­зан, лауха сын­ды жә­дігерлеріміз ­болса, олардың ке­йінгі тарихы мемлекет және қо­ғам қайраткері, этнограф Өзбек­әлі Жәнібеков­тің есімі­мен тығыз байланыс­ты. Қожа Ах­мет Ясауи кесенесі республика­лық музей ретінде халыққа қыз­мет көрсете бастаған кезде му­зей қорында 300-ден аса жәдігер бол­са, қазіргі саны 26 000-ға жуық­таған.