• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қыркүйек, 2021

Елордада 1 аптаның ішінде 8 заңсыз қару тәркіленді

172 рет
көрсетілді

Елорда полициясының өкілдері 23-29 тамыз аралығында заңсыз қару сақтаудың 8 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша 8 фактінің бәрі «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында белгілі болған.

«Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 8 қару-жарақ алынды. Бір ойық және 7 тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Мысалы, 25 тамызда 26 жастағы тұрғыннан тапанша тәркіленді. Тексеру нәтижелері оның оқ атуға жарамды қысқа ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтап келгенін анықтады. Қару 5,6 мм калибрлі «револьвер» түрінде үйде жасалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазылған департаменттің дерегінде.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шара кезінде елордалық полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кескен.

«Іс-шара кезінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Жаңа тіркелген және бұрын жасалған қылмыстардың ізі ашылды», деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.