Өзбекстанның «Яшлар» телеарнасының жүргізушісі тікелей эфир кезінде есінен танып қалды. Оқиға Ташкентте болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Uzbek MDK телеграм-арнасы жариялаған видеоның кадрларында бағдарлама жүргізуші кенеттен өзін нашар сезініп, еденге құлап кеткені бейнеленген.
Оқиғаның егжей-тегжейі мен жүргізушінің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.