Алматыда қарт адамды ұрып-соғып, тонап кеткен күдікті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде Алматыда болған қылмыс туралы жазба жариялады. Онда әйел 13 жыл бірге тұрған бұрынғы зейнеткер күйеуін немере ағасымен тонағаны жазылған. Ер адам таңертең ес-түссіз жатқан жерінен табылды.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 тамызда Алатау аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі «Денеге қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Полиция мәліметінше, 1983 жылы туған ер адам ізін суытпай ұсталған. Ол кінәсін мойындаған. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2 қыркүйекте жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін іс 106-баптың 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қайта сараланды.
Полиция әйел де бұл іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.