• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2021

Алматыда балаға қол көтерген ер адам ұсталды

621 рет
көрсетілді

Алматы қаласының 55 жастағы тұрғыны үй кіреберісінде балаға қол көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Маған Алматы қаласының тұрғыны Асыл Торғай жүгінді. Ол ер адамның балаға қол көтергені түсірілген видео жіберді. Біз өз тексеруімізді жүргізіп, құқық бұзушыны анықтадық. Ол 1966 жылы туған А. есімді азамат болып шықты. Аталған дерек бойынша 1987 жылы туған Г. есімді азаматшадан арыз түсті. Ол жоғарыда аталған адамның қылығына шара қолдануды сұрады», деп жазды Facebook-те Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.

Оқиға бірінші қыркүйекте орын алған. Сағат 18:00 шамасында кіреберістің алдыңғы есігінде ер адам 10 жасар баланы ұрып, дене жарақатын тигізді.

«Оқиғаның мән-жайын зерттеу мақсатында іс Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы жауапқа тартылады», деді Әбдірахманов.