• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2021

ТМД елдері ойындары: Боксшылар 4 салмақта топ жарды

375 рет
көрсетілді

Бүгін ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боксшылар бәсекесі мәресіне жетті. Кеше жартылай финал қорытындысы бойынша ақтық сынға шыққан 6 былғары қолғап шеберіміздің төртеуі өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандық боксшылар соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).

Қазақстан бокс бәсекесінде 15 алтыны бар Ресей мен 7 алтыны бар Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, сайысқа 2005-2006 жылы туған 15-16 жастағы жас былғары қолғап шеберлері қатысты.