ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте педофилдерге бақылау күшейгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Соңғы жылдары полиция педофилдерді бақылау шартын едәуір күшейтті. Енді олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтейді. Сонымен қатар тараптарды татуластыруға, шартты түрде соттауға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Министр қызметтер мен бөлімше басшыларына кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстармен күресудің қосымша шараларын белгіледі», деді Н.Ораз.
Ресми өкілдің айтуынша, бұның қатарында әкімшілік қадағалауды күшейту және жазасын өтеген педофилдерді электрондық бақылау құралдары арқылы бақылауда ұстау бар екенін айтты.