• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 06 Қыркүйек, 2021

Ұлттық хоккей лигасы Қысқы олиимпиадаға оралады

331 рет
көрсетілді

ҰХЛ, ҰХЛ ойыншылар қауымдастығы және Халықаралық хоккей федерациясы ұлттық хоккей лигасын қысқы Олимпиада ойындарына қайтару туралы келісімге келді. Бұған дейін Пхенчхан-2018 Олимпиадасына қатысуға тыйым салынған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиаданы өткізіп жібергеннен кейін Ұлттық хоккей лигасының (NHL) ойыншылары хоккейден ерлер арасындағы Бейжің-2022 турниріне оралады. Бұл туралы ҰХЛ, оның Ойыншылар қауымдастығы (NHLPA) және Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 3 қыркүйек күні хабарлады. 

ҰХЛ ойыншылары үшін Бейжің-2022 алтыншы Олимпиада болады. Олар бұған дейін 1998 жылғы Наганодан 2014 жылғы Сочи Олимпиадсына дейін қатысқан еді. 

«Біз ҰХЛ ойыншыларының өз елінің атынан өнер көрсетіп, ойнауды қаншалықты жақсы көретінін түсінеміз. Оларға қайтадан Олимпиада аренасынды ойнауға мүмкіндік беретін келіссөзге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз», деді ҰХЛ өкілі Билл Дэйли.

Бұл шешім әлемнің үздік хоккейшілеріне Олимпиадада дебют жасауға мүмкіндік береді. Оның ішінде канадалық Коннор Макдавид, чехиялық Давид Пастрнак, Ресейден Никита Кучеров, Германиядан Леон Драйзейтл және АҚШ-тан Остон Мэтьюс және басқалары бар. 

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы жарыс 2022 жылы 9 ақпанда басталады. Оған барлығы 12 команда қатысады. Олар төрт-төрттен үш топқа бөлінеді.

Ойынның толық кестесі алдағы апталарда жарияланады.