• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қыркүйек, 2021

Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

488 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Бердібек Әбдірзақұлы Марқабаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бердібек Әбдірзақұлы 1967 жылы Маңғыстау облысында туған. Алматыдағы зоотехникалық институтының түлегі.

Еңбек жолын 1992 жылы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бюросында маман болып бастап, кейінгі жылдары Маңғыстау облыстық ауамақтық басқармасында малдәрігерлік бөлімінің бас маманы, республикалық ветеринария зертханасында бөлім меңгерушісі, Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болды.