• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

213 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жол апаты болып, 24 жастағы қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында «Opel Zafira» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Бірақ дәрігерлер жолаушының өмірін сақтап қала алмады.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабымен іс қозғалды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.