Атырау облысында вакцинаның І компонентін салдырғандар саны 201 мың адамнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-5 қыркүйекте 1 891 адам вакцина ектірген.
«Биылғы 1 ақпан мен 5 қыркүйек аралығында 201 618 атыраулық тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырды. Вакциналардың ІІ компонентін алғандардың саны 149 238 адамға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.