• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қыркүйек, 2021

Дамуға жетелейтін нақты бастамалар

153 рет
көрсетілді

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы – ауқымды бағдарламалық маңызы бар құжат. Құжатта мемлекеттік аппарат және жалпы қоғам үшін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарлар әрі қазіргі өзектілігі жоғары басымдықтар нақты айқындалып, сарабдал іс-әрекетке жетелейтін нық қадамдар көрсетілген.

Жыл сайынғы Жолдауды күз­дің алғашқы күні жариялау да кездейсоқтық емес, ол Пар­ла­мент үшін де, Үкімет үшін де жаңа жұмыс маусымының жаңа мін­деттері іспеттес.Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген басты проблемаларды ашық көрсетті. Атап айтсақ, еліміздің экономикасын көтеруге және әлеуметтік жағ­дайды тұрақтандыруға бағыт­талған қаражаттың дұрыс жұмсал­мауы, ауыл шаруашылығы сек­торындағы көкейкесті ахуал, ай­мақ­тардың жағдайын қиын­дата түскен су мен жемшөп тапшы­лығы, білім беру мен ғылым сала­сын­дағы қиындықтар және басқа да жүйелі шешімдерді қажет ететін мәселелер. Осылайша Пре­зидент «қарапайым заттар экономикасы» табиғи және техногендік ресурстардың тапшылығы жөнін­де есімізге салып, оларды сақтау мен көбейту бойынша нақты міндеттерді көрсетіп берді. Қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру басымдығы Жол­даудың әр бөлімінің түйіндісі болып табылады. Пандемияның жалпыәлем­дік дағдарысы халық табысына теріс ықпалын тигізуде, халықты кредиттерді шамадан тыс алуға мәжбүрлеуде. Бұл мәселеге аса назар бөлініп, келесі жылдан бас­тап елімізде ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артатыны белгілі болды. Сондай-ақ 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. Сала қызметкерлері санатына музей қызметкерлері, мұрағат­шылар, кітапханашылар, техни­калық қыз­меткерлер, қорық­шылар, көлік жүргізушілері және бас­қалары кіреді, демек мұғалім­дер, дәрігерлермен қатар бұл санат­тағы азаматтарымызға да айлықты көбейту жұмыстары қолға алынбақ. Жолдауда көрсетілген ғылым­­ды дамытудың басым­дықтары мен тапсырмалары ғалымдар қауымдастығы мен ғылыми зерттеу инс­титут­тарының көптен күткен күр­делі мәселелерінің оңтайлы шеші­мі екені анық. Жақында Ұлт­тық университеттердегі профес­сор­лардың жалақысы 450 мың теңгеден кем болмасын деген министр­лік талабы шыққан. Енді Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен ғалымдарға берілетін мемлекеттік гранттар мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылады. Ол бастама іргелі, сондай-ақ практикалық маңызы бар ғылыми зерттеулердің сапасын көтеруге, және ғалымдардың бір зерттеу тақырыбын ұзақ мерзімде, жан-жақты, терең зерттеуге жол ашатыны сөзсіз. Ғылым саласында заңнаманы өзгерту жөнінде пікір-таластардың орын алып жатқаны белгілі, осы ретте жыл соңына дейін «Ғылым туралы» заңға тиісті өзгертулер енгізу жөніндегі Президент тапсырмасы уақтылы әрі пәрменді қадам. Халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін денсаулық саласы да Президент назарынан тыс қалған жоқ. Вакцинаның көмегімен талай қауіпті індеттерге тосқауыл қойылғанын еске сала отырып, ол еліміздің вакцина мәселесіне жоғары жауапкершілікпен қарап, жүйелі түрде вакцина қорларын көбейтіп тұруға тапсырма берді. Әрине, бұл бүкіл әлемді жаулап, мутацияға ұшырау арқылы медицина мен ғылым өкілдерін қиын жағдайға түсіріп жатқан коронавирус инфекциясына да, басқа да эпидемиологиялық қатерлер­ге қарсы тұрып тосқауыл қою үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қажет етеді. Елдегі вакцинаға деген қарама-қайшы көзқарастардың бар екеніне тоқталып, Мемлекет басшысы отандық вакцинаның қауіпсіздігі жөнінде ақпарат беріп, жалпы азаматтарды вакцинадан қорықпай, ресми ақпарат­қа сүйеніп, өз денсаулығы мен жа­қындары үшін вакцина алудың маңызын ашып көрсетті. Осы орайда, жақында QazVac отандық вакцинасы клиникалық сынақтан өткізіліп, 1-ші және 2-ші кезең нәтижелері THE LANCET еуропалық журналында жарияланды. Президент Қ.Тоқаев ел тұғы­рын биіктету мен тәуелсіздігіміз­ді нығайту­да ең бастысы ұлттың ұйысуы, ұлтаралық келісімнің және өзара сыйластықтың болуы ма­ңызды екенін осы Жолдау­да тағы да ерекше атап көрсет­ті. Мемлекеттік тілдің конституция­лық деңгейдегі мәртебесін және ұлт бірлігі үшін маңызды рөлін айта келіп, Мемлекет басшысы өз­ге тілдер мен өзге этнос өкілдерін сыйлау арқылы елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.

Мадина БЕКТЕНОВА,Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері