Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «LV Force» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі таңда қаржы пирамидасының еліміздің 8 өңіріндегі филиалы жабылып, бас ұйымдастырушы ұсталған.
Олар жаңа салымшы тарту үшін үгіт-насихат және мессенджерлер мен электрондық пошталар арқылы хабарламалар жіберген.
Агенттік азаматтарды абай болуға және қысқа мерзімде үстеме пайда алудың күмәнді ұсыныстарынан бас тартуға шақырады.
«Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «LV Force» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен болса, Ақмола облысы бойынша ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз +7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37. Қалалардың басқа аймақтарының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне хабарласа алады», деп жазады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.