• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда 2 градусқа дейін суық күтіледі

223 рет
көрсетілді

Синоптиктер 8 қыркүйекке арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, Ақмола облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – бұршақ күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, бұршақ күтіледі, батысы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20, күндіз оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай, түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман, оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, облыстың батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Павлодар облысында жел 15-20, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, таулы аудандарда екпіні 25 м/с, облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

«Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», деп хабарлады ведомстводан.