• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2021

Сутегімен жүретін пойыз сынақтан өтті

164 рет
көрсетілді

Францияда сутегі отынымен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз сынақтан өтті, деп жазады Egemen.kz.

Еuronews жазуынша, сутегімен жүретін пойыздар 2025 жылдан бастап қолданылады. Алдағы бірнеше жылда осындай пойызды тағы 14 рет сынақтан өткізу жоспарланған.

Франция транспорт министрі Жан-Батист Джеббари сынақ өткізілген пойызбен жүріп көрді.