• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Кім-кімге де жүктелер міндет – жауапкершілік

382 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

 

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

Оған Қазақстан Президенті Әкімшілігінің, Үкіметтің, Пре­мьер-Министр Кеңсесінің, Пар­ламент Сенаты мен Мәжілісі аппа­рат­тарының, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының өкіл­дері, министрліктер мен ве­домстволардың жауапты хатшылары мен министрлердің орынбасарлары, Астана, Алматы қа­ла­лары әкімдері мен облыстар әкім­дерінің орынбасарлары мен ішкі саясат басқармаларының басшы­лары, ұлттық ЖОО-лар мен қо­ғамдық бірлестіктер, зерттеу инс­ти­туттарының, БАҚ-тардың басшылары қатысты.

Кеңес отырысын ашқан Қа­зақ­стан Президенті Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Б.Май­лыбаев бұл жиында Ел­ба­сы Жол­­дауын іске асыру аясын­да­ғы рес­публика аумағында атқа­ры­­ла­тын ақпараттық-насихат жұмыс­тарының басым бағыттары талқы­ланатынына тоқталды. Мәселен, ол: «Осыдан 10 күн бұрын Елба­сы Н.Назарбаев Қазақстан халқы­на Жолдауын жария­лады. Жолдау­дың негізгі ерекшелігі – Елбасы қазақстандықтардың ең басты сау­а­лы­на жауап берді, Мәңгілік Ел – Қа­зақстан халқының Ұлттық идея­сы екенін мәлімдеді. Халық Мәң­гілік Елді жүрегіне өте жа­қын, жылы қабылдады. Міне, сон­дықтан бұл идеяны әрбір аза­мат­тың санасына сіңіруге тиіспіз. Оны әрбір отандастың басты құн­дылығы етуіміз керек. Ұлттық идеяның төңірегіне топтасып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына ұмтыламыз. Елбасы айтқандай, «Қазақстан-2050» Мәң­гілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Биылғы Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясының биік мақсаттарына бастайтын алғашқы саты», дей келе, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойын­ша, Қазақстанның әлемдегі аса да­мыған 30 елдің қатарына қосылу тұ­жырымдамасы дайындалғанын, демек, әрі қарайғы әрекеттер Жол­дау мен тұжырымдама аясында өр­битінін атап өтті.

Сондай-ақ, Б.Майлыбаев Ел­ба­сының Үкіметке нақты тапсырмалар жүктегенін, ол тапсырмалар Пре­зидент Әкімшілігінің тікелей ба­қылауында екенін, сол себепті әрбір тапсырманың мұқият және уақтылы орындалуы маңызды екенін жеткізді. «Елбасының Жолдауын насихаттау бағытында қазір де бірқатар шаралар атқарылды. Біріншіден, Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар бекітілді. Екіншіден, Жолдауды ақпараттық қолдаудың арнайы Іс-шаралар жоспары жасалды. Үшіншіден, 2014 жылға арналған ақпараттық стратегияның жобасы дайын»,– деді Бағлан Асаубайұлы.

Ол өз сөзінде бүгінде ақ­па­рат­тық-насихаттық жұмыстардың ортақ алгоритмі жасалғанын, ол жұмыстарға 16 республикалық, 3 мыңнан астам өңірлік ақпараттық топ қатыстырылғанын атап өтті. «Бұған қоса, 3 ақпараттық тол­қын ұйымдастырылатын болады. Бірінші ақпараттық толқын биыл­ғы жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады. Бұл жұ­мыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Оның негізінде танысу жұ­мыстары жатыр. Екінші толқын 1 наурыз бен 1 қыркүйек аралығын қамтиды. Бұл кезең Жолдаудың әрбір басымдығын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық-на­си­хат­тық жұмыстарға арналуы тиіс. Ал үшінші толқын 1 қыр­күйекте басталып, жылдың аяғы­на дейін жалғасады. Бұл кезең­де Елбасы Жолдауында айтыл­ған мақсат-міндеттерді жүзе­ге асыру жұмыстары қалай жүр­гі­зіл­гендігі туралы жылдық есеп қорытындыланады», деді Б.Май­лыбаев.

Кеңес барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Е.Бабақұмаров, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З.Аманжолова сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсынымдамалар берілді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

––––––––––––––

Суретті түсірген

Игорь БУРГАНДИНОВ.

Соңғы жаңалықтар