• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қыркүйек, 2021

Қызылордада алғаш рет мойын аймағы көлемді лимфангиомасына ота жасалды

148 рет
көрсетілді

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында өңірімізде алғашқы рет мойын аймағы көлемді лимфангиомасына ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сыр бойы» басылымы бұған дейін бұндай күрделі диагнозды науқастар еліміздің орталық клиникаларына жолданып келгенін жазды.

Алғашқы операцияны Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, дәрігер Сабит Пазилов жасады.

Білікті хирург жас мамандарға күрделі отаны түсіндіре отырып жасаумен қатар, жоспарларды талқылап, операцияны сәтті аяқтады. Басқарма басшысы ендігі кезекте ангиохирургиялық операцияларды аурухана дәрігерлеріне жасауды ұсынып, қиындық туындаған жағдайда көмек көрсететіндігін жеткізді.