Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланғанын хабарлайды Egemen.kz.
Қаладағы Достық үйіндегі шараға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары, ақын Ақберен Елгезек, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын және филиалдың жаңа басшысы, ақын Жанат Жаңқашұлы қатысып, қарағандылық бір топ ақынды одақтың мүшелігіне қабылдады.
Олардың арасында Егемен Қазақстан газетінің екі тілшісі, ақын Рауан Қабидолдин мен Жәнібек Әлиман бар. Сондай-ақ, Мүсіркеп Сейдахмет, Салтанат Смағұлова, Жадыра Байбұланова, Айзада Рахымжанова, Аян Мейраш Жазушылар одағының мүшесі атанды.
Одаққа қабылданған жас ақындардың жыр жинақтары шыққан, республикалық жыр мүшәйралардың жүлдегерлері.