• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

175 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы 2 аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», деді Марат Шоранов.

Вице-министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, елдің 12 өңірі «қызыл» аймақта орналасқан. Соңғы аптада «сары» аймаққа 4 облыс ауысты. Бұл – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы тұр.