• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қыркүйек, 2021

Жексенбіде волейболдан Азия чемпионаты басталады

234 рет
көрсетілді

Жексенбі күні Жапонияның астанасы – Токионың дәл іргесінде орналасқан Тиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш додада D тобына түскен Қазақстан құрамасы дәл сол күні өзінің тұсаукесер кездесуін Тайпейге қарсы өткізеді. Келесі тәулікте Оңтүстік Кореямен күш сынасамыз. 14 қыркүйекте Сауд Арабиясымен шеберлік байқасамыз. Осы сынақтан сүрінбей өтсек, плей-офф додасына жолдама алып, жүлделі орындар үшін таласу мүмкіндігіне ие боламыз.

Ал өзге топтардағы бәсекелер мына командалар арасында өтеді: А тобы – Жапония, Үндістан, Катар және Бахрейн. В тобы – Иран, Пәкістан, Таиланд және Гонконг. С тобы – Қытай, Аустралия, Кувейт және Шри-Ланка.