Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы Шавкат Мирзиёевті президенттікке кандидат етіп бекітті. Бұл туралы бейсенбіде ТАСС-қа партияның баспасөз қызметінің өкілі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының (UzLiDeP) съезінде республиканың қазіргі басшысы Шавкат Мирзиёев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Ш.Мирзиёев келісім берді.
Сайлау 24 қазанға белгіленген.
«Съезд делегаттары орталық кеңестің кезектен тыс пленумының Шавкат Мирзиёевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы бастамасын бірауыздан қолдады және тиісті қаулы қабылдады», деді баспасөз қызметінің өкілі.