Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ-тың федералды мемлекеттік қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартса, жұмыстан шығаратынын айтып, қорқытты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Егер сіз үкіметте немесе мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыс істегіңіз келсе, вакцина салдырасыздар деген үміттеміз, күтеміз», деді Псаки Ақ үйдегі брифингте.
Сонымен қатар, ол «Вакцинациядан себепсіз бас тартқан шенеуніктер жұмыстан шығарыла ма?» деген сұраққа оң жауап берді.