Өзбекстанда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Қазанның 24-і күні президенттерін таңдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл көрші ел тарихында осымен 7-саяси маңызды науқан болғалы отыр. Оған Өзбекстанда ресми тіркелген 5 партияның кандидаттары қатыспақ. Ең басты үміткер қазіргі президент Шавкат Мирзиеёв.
Оны кандидат ретінде Либерал-демократиялық партиясы кезекті съезд барысында ұсынды.
Тағы президенттікке үміткер ретінде «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Қадыровты, Экологиялық партия Нарзулла Обломурадовты, ал «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы Бахром Абдухалимовты таңдады.
Осы жолғы сайлауда алғаш рет әйел үміткер қатыспақ. Тәжірибелі дәрігер Максуда Варисова Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр.