• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да алған вакцина паспортын жасаған дәрігер ұсталды

150 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жалған вакцина паспорттарын жасаумен айналысқан дәрігер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері ақша табу үшін заңсыз қадамға барған.

Белгілі болғандай, ол тұрғындарға екпе салдырмай вакцина паспортын жасап отырды. Әуелі клиент тапқан дәрігер вакцинаны төгіп тастап, содан кейін базаға жалған ақпарат енгізген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақ халаттыны қолға түсірді.

«Медицина қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жалған вакцина паспортын жасаумен айналысатындардың жолын кесу үшін жан-жақты мониторинг жүргізуде», деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.