• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қыркүйек, 2021

Көптен күткен жағымды жаңалық

230 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты көптеген маңызды мәселе қозғалды. Президент соның ішінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы да айтып өтті.

Рухани байлықтың қайнар көзі – кітапханада еңбек етіп жатқан мен секілді жас мамандар үшін бұл қуаныш, әрине.

Бүгінде кітапхана саласында қызмет ететін ер-азаматтар саусақпен санарлық. Сол азшылықтың бір өкілі болып жылға жуық уақыттан бері облыстық кітапханада еңбек етіп келемін. Осы аз уақыттың өзінде бұл саланың қызығын да, шыжығын да көріп үлгердім, көп нәрсе үйрендім. Әлі де болса меңгеретін қыр-сыры жетерлік, себебі оқырманның іздегенін сан мыңдаған ақ­па­рат­тардың ішінен тауып беру, рухани қажеттілігін қа­нағаттандыру оңай емес. Дүни­е­жүзі небір техникалық төң­керісті басынан өткеріп жатыр, соның нәтижесінде көпте­ген саланың қызмет ету ауқы­мы да өзгеріске ұшырап, кеңе­йе түсті. Кітапхана да солай. Тек оқыр­мандарға қызмет етіп қана қой­май, көптеген мәдени іс-шара, жоғары деңгейдегі ғылы­ми конференциялар, оқыр­ман­дарға арналған әртүрлі заманауи курстар өткізеді. Сон­дықтан қазір бұл салада еңбек еткісі келетін маманға да қойы­ла­тын талаптар жетіп артылады.

Өркениетті елдер қатарында тұру үшін қай мемлекеттің де экономикалық, әлеуметтік саласынан бөлек, мәдени деңгейі де назардан тыс қалмауы керек. Ал ха­лық­тың мәдени дамуында кітап­хананың алатын орны орасан зор. Президент Жолдауында айтылған еңбекақыны өсіру мәселесі мардымсыз жалақыға маңдай терін төгіп жүрген әр­бір кітапханашы үшін үлкен қолдау, демеу болары анық.

 

Дәулет ЖАДЫРАСЫН,

Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың қызметкері

ҚОСТАНАЙ