Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казими ресми сапармен Иран астанасы Тегеранға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иран президенті Ибрагим Раиси Теһран көшбасшыларының мәжіліс залында Ирак премьер-министрін ресми қарсы алу рәсімін ұйымдастырды.
Раиси мен әл-Казими екіжақты кездесу өткізеді, содан кейін бірлескен баспасөз конференциясы өтеді.
Ирак үкіметінің басшысын Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи қабылдайды.