Түркияның оңтүстік-батысында туристік автобус аударылып, жол апаты салдарынан 30 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға Мугла-Денизли тас жолында, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30 шамасында болған.
Demiroren агенттігінің мәліметінше, мектеп автобусы мен 41 турист мінген автобус соғысып қалған. Туристер Ресей мен Украинадан келгендер.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.