• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді - Мамин

132 рет
көрсетілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауруханалардың жүктемесі төмендеді, ауруханалардағы инфекциялық және реанимациялық орындар 35%-ды құрайды, жұқпалы 57 аурухана коронавируссыз науқастарды қабылдаудың стандартты профиліне ауыстырылды»,  деді Асқар Мамин.

«Қазіргі кездегі басты міндет - «қызыл аймақта» орналасқан өңірлердегі аурулардың тұрақты төмендеуіне қол жеткізу. Жаңа оқу жылының басталуын ескере отырып, білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет», деп атап өтті Асқар Мамин.