• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Қыркүйек, 2021

Мектептерде санитариялық нормалардың сақталуын бақылауда ұстау қажет - Мамин

129 рет
көрсетілді

Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күн өткен сайын көп өңірлер «қызыл» аймақтан шығып жатыр. Қазірдің өзінде «сары» аймақта 5 өңір, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр. Сонымен қатар, Түркістан облысы «жасыл» аймақта.

Қазіргі басты міндетіміз – қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейінің орнықты төмендеуіне қол жеткізу», деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында жұмысты күшейту керектігін баса айтты.

«Жаңа оқу жылының басталғанын ескерсек, білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстаңыздар», деді Премьер-Министр.