• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда азаптағаны үшін сотталғандар саны қанша?

245 рет
көрсетілді

2019 жылы ҚР ҚК 146 – бабы (азаптаулар) бойынша сотталған адамдардың саны 24 адамды құраса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам сотталды. Бұл жөнінде 2019-2020 жылдары жүргізілген алдын ала барулар қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жинақталған баяндамасын таныстыру барысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш атап өткендей, жалпы есепті кезеңде ҰАТ қатысушылары 1012 алдын ала жүздесулер ұйымдастырды. Олар жабық мекемелердің барлық түрлерін қамтыды және адам құқықтарының бұзылуының көптеген жағдайларын анықтауға мүмкіндік алды. 

Жұздесулер қорытындылары бойынша ҰАТ қатысушылары берген ұсынымдардың жалпы саны 3319-ды құрады. Ұсынымдар адамдарды ұстау жағдайларына да, оларға медициналық қызмет көрсетуге, тамақтануға, білім алуға, қажетті заттай ризықпен және бос уақытын қамтамасыз етуге де қатысты.

Бүгінгі күні уәкілетті органдар көрсетілген ұсынымдардың 937-ін немесе 28%-ын орындады, 2341 немесе 70,5%-ы орындау сатысында, 41 ұсыным (1,2%) қабылданған жоқ.

Жабық мекемелерде азаптауды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерге келетін болсақ, баяндаманы таныстыру барысында келесі сандар айтылды. Егер 2019 жылы ҚР ҚК 146-бабы (азаптаулар) бойынша сотталған адамдардың саны 24 адамды құраса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам сотталды.

2020 жылы ҚР ҚК 362-бабының төртінші бөлігі бойынша («күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіріп билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») 41 лауазымды адам сотталды (2019 жылы - 38).

«ҰАТ қызметі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан адам құқықтары саласында қабылданған міндеттемелердің орындалу тиімділігін бағалау аясындағы адам құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты екенін түсіне отырып, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтық қоғаммен бірлесіп, оны тұрақты нығайту және жетілдіру жағдайында өзара іс-қимылын жалғастыру қажет», делінген баяндамада.