Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалғанда екі ресейлік және бір литвалық биатлоншы допинг-сынамадан өте алмай, жарыстан шеттетілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Халықаралық биатлоншылар одағының мәлімдеуінше, допинг-сынама спортшылардан өткен жылдың желтоқсан айының соңғы аптасында алынған. Әзірге аталған мекеме «Б» сынамасының қорытындысы шықпайынша, биатлоншылардың есімдері мен олардың қабылдаған преператтардың атын жарияламауды жөн көріп отыр. Ресейлік және литванның тексеруден өте алмағаны туралы Халықаралық биатлоншылар одағы Халықаралық Олимпиада комитетін хабардар етті. Енді осы мәселе бойынша Ресей биатлоншылар одағы арнайы комиссия құрып, тергеу жүргізетін болады. Естеріңізде болса, соңғы рет Ресей спортшыларының арасында допингке қатысты дау 2008 жылы шыққан еді. Сол кезде Дмитрий Ярошенко, Альбина Ахатова мен Екатерина Юрьева тексеруден өте алмаған болатын.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз:http://www.eurosport.ru
Фото:http://www.eurosport.ru