• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қыркүйек, 2021

Зейнетақы активтері артты – Досаев

242 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың тамыз айында сыртқы қаржы және тауар нарықтарындағы, сондай-ақ ішкі экономикадағы ахуал тұрақты болып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ке ұлғайып, биылғы тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады.

«Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,8 трлн теңге сомасына 449,3 мың болды, оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге – 1 765 млрд теңге немесе 97,9%», деді қаржы реттеушісінің басшысы.