Президенттің биылғы Жолдауының халыққа ерекше әсері болды. Өткен жылымыз жақсы қорытындыланды. Біраз жетістіктерге жетіппіз. Елбасы кезекті Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау жоспарына және алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылу жолдарына ерекше көңіл бөлді. Алдымыздағы 15-17 жыл Қазақстанның жан-жақты дамып өрлеуі үшін «мүмкіншілік терезесі» болады.

Стратегия бұл нақты жұмыстардың бағдарламасы, ол жылдан-жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түседі. Бірақ әрбір қазақстандық нәтижелі еңбектенуі керек, сонда ғана береке әр отбасына келеді. Елдің экономикасы ғылымға негізделетін болады. Ғылыми зерттеулерге көп мөлшерде қаржы бөлінеді. Келесі бес жылдықта нано және космостық технологиялар, гендік инженерия, мультимедиалық және мобильді технологиялар, роботтық техника салалары дамытылады, болашақтың энергиясын іздеп табу жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру саласына келсек, еліміздің жоғары оқу орындарына біртіндеп дербестік беріле бастайды. Бұл әр жоғары оқу орнына оқыту бағдарламасын шетелдердің алдыңғы қатарлы университеттерінің үлгісімен дайындауға, академиялық ұтқырлықты одан әрі дамытуға үлкен мүмкіншілік береді.
Тағы бір қуантатын жағдай – студент жастар мен білім беру саласының қызметкерлерінің де әлеуметтік жағдайы жақсармақ. Студенттердің стипендиясы 25 пайызға өседі, ал білім беру саласының қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға артады.
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласының да болашағы зор. Шырайлы қаламыз Астана, Алматы сияқты ғылым мен инвестицияның, жоғары сапалы білім берудің, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің нағыз орталығына айналады.
Жамбыл ӘЙМЕНОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің
бірінші проректоры.
Оңтүстік Қазақстан облысы.