• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қыркүйек, 2021

АҚШ-тың экс-президенттері бірікті

441 рет
көрсетілді

АҚШ-тың бұрынғы үш президенті - республикашыл Джордж Буш пен демократтар Билл Клинтон және Барак Обама ауған босқындарына көмек көрсету мақсатында жаңа ұйымға қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы америкалық көшбасшылар мен олардың әйелдері АҚШ әскері шығарылғаннан кейін эвакуацияланған ауғандарға көмектесуге бағытталған Welcome.US коммерциялық емес ұйымдары мен кәсіпорындары құрамында жұмыс істейді.

«Мыңдаған ауған қауіпсіз әлем үшін бізбен бірге алдыңғы қатарда тұрды, енді олар біздің көмегімізге мұқтаж. Біз Welcome.US компаниясын мақтан тұтамыз және ауған отбасыларына көмектесу үшін жұмыс істейміз», деп мәлімдеді Джордж Буш пен оның әйелі Лора.

Ведомство мәліметінше, бұл коммерциялық емес бастаманың сайты 14 қыркүйекте іске қосылған.   «Ауғанстандық жаңа көршілеріміздің қоныс аударуы бүкіл елдің қатысуын талап етеді. Сондықтан үш экс-президент пен бұрынғы бірінші ханымдар бізге көшбасшы ретінде қосылды», делінген Welcome.US сайтында.

Хиллари Клинтон, Лора Буш, Мишель Обама құрметті төраға болған.

Сонымен қатар кеңес 280-нен аса жеке тұлғамен ұйымның, соның ішінде Microsoft корпорациясы, Starbucks Corp., CVS Health Corp сияқты АҚШ компанияларының қолдауына ие.